Әлем • 14 Сәуір, 2025

Дональд Трампқа арналған ерекше ескерткіш орнатылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың президенті Дональд Трампқа ерекше ескерткіш тарту етілді. Trump International Golf Club гольф клубында оның құрметіне «Бұғауға көнбеу ескерткіші» атты қола мүсін орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дональд Трампқа арналған ерекше ескерткіш орнатылды

Фото: x.com/ac132

Жеті футтық қола ескерткіш клуб үйі мен 27 шұңқырлы алаңның бірінші лункасының арасында орналасқан. 

Бұл сыйлықты Трампқа Нью-Йорк штатының 21-ші сайлау округінен конгреске үміткер әрі кәсіпкер Энтони Константино табыстаған. Ол өзінің X-тегі парақшасында бұл ескерткіштің ерекше маңызға ие екендігін атап өткен.

Трамп пен Константино ескерткішті орнатып, кейіннен гольф ойнауға барған. Олармен бірге белгілі саяси кеңесші Роджер Стоун мен Трамптың ұлы Барронның досы Бо Лоудон да болған.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35