
Жарысқа Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Қазақстанның ең мықты жас шахматшылары қатысты. Елеулі бәсекелестікке қарамастан, астаналық 15 жасар оқушы Орталық Азияның ең зиятты шахматшыларының бірі екенін дәлелдеп, турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды.
Бұл Аңсаттың алғашқы халықаралық жетістігі емес. Бұған дейін ол Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері атанып жүрген еді.