Оқиға • 14 Сәуір, 2025

Киану Ривз хат жазса, таңғалмаңыз

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір алаяқтықтың небір түрі бар. Көзді ашып-жұмғанша түр-сипаты өзгеріп шыға келеді. Мақсаты – бір, сіздің қалтаңызды қағу. Қулығына құрық бойламайтындар Қостанайда тағы бір қылық шығарыпты.

Киану Ривз хат жазса, таңғалмаңыз

Қостанайда бір алаяқ 62 жастағы әйелді алдамақ боп, TikTok-та өзін әйгілі актер Киану Ривз деп таныстырған. Онымен жарты жылдай хат алмасқан. «Киану» бір күні көмек сұрап, 400 доллар жіберуді өтінген.

Апай банкке барып, ақша аудармақ болады. Абырой болғанда, банк қызметкерлері күдіктеніп, шоттың ойын компаниясына тиесілі екенін анықтайды. Әйел алаяқтан аман қалды. Бұл жағдайдан не ұғамыз? Алаяқтықтың кең тараған түрі – танымал адамдардың атынан хат жазу. Бір қызығы, бұған халық еріп, жиі алданып жатады. Сондықтан біреуге ақша жібермес бұрын, дұрыстап ойланған абзал. Бейтаныс адамның шұғыл өтініші – көбіне алаяқтық белгісі.