Әлем • 15 Сәуір, 2025

Трамп пингвиндер мен итбалықтар мекендейтін аралдарға да салық салды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Үнді мұхитының субантарктикалық бөлігінде орналасқан, адам тұрмайтын Херд және Макдональд аралдарына 10 пайыздық тариф енгізді. Бұл туралы Axios порталы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Трамп пингвиндер мен итбалықтар мекендейтін аралдарға да салық салды

Херд пен Макдональд – адам мекен етпейтін, Антарктидаға жақын, қар мен мұз жапқан табиғи аумақтар. Аралдар Австралияның меншігі ретінде саналады және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Трамп әкімшілігі осы аралдардың Австралияға тиесілі екенін негізге ала отырып, оларды да кедендік баж салығына салынатын аумақтар тізіміне енгізген. Херд аралында адамдар XIX ғасырда итбалық аулауға әрі 1947-1955 жылдар аралығындағы ғылыми зерттеулермен ғана барған.

Ал Макдональд аралын адамдар тек екі рет қана басып өткен. Осы табиғи қорық аймағы сирек кездесетін құс түрлері мен теңіз жануарларының мекені. Аралдарды Австралия үкіметінің Антарктикалық бөлімі қатаң қорғалатын табиғи аймақ ретінде басқарады.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп АҚШ-тың 185 ел мен аумаққа тариф енгізетінін мәлімдеді. Бұл тізімге Қазақстан да кірді.