Оқиға • 15 Сәуір, 2025

Әлеуметтік орталықта қарттарға озбырлық көрсеткен қызметкер сотталды

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу қаласындағы «Қамқор» әлеуметтік қызметтер орталығында қамқорлықтағы тұрғындарға қатыгездік көрсету ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік орталықта қарттарға озбырлық көрсеткен қызметкер сотталды

Фото: Жоғарғы Сот

Сот процесі барысында прокуратура ұсынған бейнебақылау камераларынан алынған материалдарда орталық қызметкерінің қамқорлығындағы адамдарға жүйелі түрде физикалық күш қолданғаны, оларды жылы киімсіз сыртқа шығарып, салқын ауа райында азап шеккені анықталған.

Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, оған үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Алайда үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы Ақсу қаласында қарт адамдарға арналған пансионатта қызметкерлер зейнеткерлерге зорлық-зомбылық көрсеткен еді.