Аймақтар • 15 Сәуір, 2025

Алматы ұшқышсыз технологиялардың бақылауында болады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда  әуе ұтқырлығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы әуе дәліздерін әзірлеумен және Алматы, Алатау және Алматы облысының ұлттық парктеріндегі қауіпсіздікті бақылау мақсатында ұшу аппараттарының қауіпсіз ұшуы үшін ережелерді дайындаумен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы ұшқышсыз технологиялардың бақылауында болады

Бұдан бұрын мәлім болғандай, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі басшысы Жаслан Мәдиев электромобильдерді қолдау және пилотсыз технологияларды енгізу бойынша бағдарлама әзірлеуді ұсынған болатын. Министр атап өткендей ұшқышсыз технологияларды сынау үшін Waymo (Google), Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex және Huawei сияқты халықаралық серіктестерді тарту жоспарлануда. Жоба аясында қанатқақты жобаны іске қосу үшін тест алаңдары таңдалып, нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Бұл автономды автомобильдерге арналған компоненттерді зерттеуге, инфрақұрылымға және өндіруге шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Ұшқышсыз технологияларды, аэромобильдерді пайдалану қалалар қауіпсіздігін арттыруда жоғары тиімділікке ие.

Көлік министрі қол қойған құжатқа сәйкес жұмыс  қалалық әуе ұтқырлығын (Urban Air Mobility) дамытуда нормативтік құқықтық актілерге түзетулер пакетін әзірлеп, республика қалаларындағы әуе ұтқырлығын (Urban Air Mobility) енгізу мәселелерін пысықтайтын болады. Қорғаныс министрлігі және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әуе дәліздерін бекітуді және қалалық әуе кемелерінің қызметін жүзеге асыру үшін ұшу аппараттарын қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін тиісті нормаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

 Алматы