Қоғам • 15 Сәуір, 2025

Ақ шашты «сәби»: Ғасыр жасаған ана 80 жастағы ұлын еркелетті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде сексеннің сеңгіріндегі ақсақалдың жүз жасқа толған анасына мейірлене еркелеп отырған бейнесі көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақ шашты «сәби»: Ғасыр жасаған ана 80 жастағы ұлын еркелетті

Сәулелі сәтті парақшасына жариялаған әзиз әженің немересі Әлия Өтемалиева есімді ақтаулық кәсіпкер. Ол видеомен бірге әжесіне риясыз ризашылығын білдіретін жазба қалдырған.

«5 мезгіл намазын қаза қылмаған, апам менің. Балаларын дәретсіз емізбеген аппақ әжем бізді жақсы тәрбиеледі», дейді ол.

Видеоның астына желі қолданушылары «бұл әркімге бұйыра бермейтін бақыт», «қандай ғажап көрініс» деген мағынада пікір қалдырып, әулет шаңырағына ізгі тілектерін жаудырып жатыр. Сірә, «есейіп кетсем де мен саған сәбимін» деген осы болса керек.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38