Жемқорлық • 16 Сәуір, 2025

Пара алған: Астанада білім басқармасының бөлім басшысы сотталды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада елордалық білім басқармасы бөлімдерінің бірінің басшысы істі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пара алған: Астанада білім басқармасының бөлім басшысы сотталды

Тергеу барысында прокурорлар Астана қаласының білім басқармасы бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, одан пайда тапқанын анықтады.

Материалдар Антикорға берілді. Агенттік оның пара алуының бірнеше фактісін ашты.

Сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды.