Аймақтар • 19 Сәуір, 2025

Павлодар-Астана жолында балалар мінген автобус аударылып, жаттықтырушы көз жұмды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында «Мерседес» маркалы шағын автобустың қатысуымен жол-көлік апаты болды,-деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар-Астана жолында балалар мінген автобус аударылып, жаттықтырушы көз жұмды

Алдын ала болжам бойынша, шағын автобустың жүргізушісі жолда келе жатып жүк көлігін озып өтпекші болған уақытта аударылған.

- Автобус салонында 14-16 жас аралығындағы 16 бала және жаттықтырушы болған. Олар жарысқа қатысу үшін Павлодар қаласынан Астана қаласына келе жатқан. Аталған дерек бойынша, қылмыстық іс қозғалды, қажетті тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр,-деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, балалар жеке меншік спорт мектебінде жаттыққан. Спорт мектебінің басшылығы өз шәкірттерін жарысқа жіберген уақытта ол туралы полиция қызметкерлеріне ескертпеген.

Сәйкесінше жолда патрульдік көлік автобусты сүйемелдемеген. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025