«Егеменнің» Орал қаласындағы тілші қосынына жас жігіт келді. Аман-саулық біліскеннен кейін мына бір күн сайынғы қым-қуыт жаңалықтары бар өмірде бәрінен асып түсетін «тың жаңалық» айтты.
Не жаңалық? – деп сұраңыз. Әкесінің әкесі, яғни атасы өлгендердің тізімінде жоқ көрінеді. 1984 жылы бұрынғы 24 партсъезд совхозы, қазіргі Бірік ауылдық округінде редакцияға келген жас жігіттің атасы дүние салыпты. Арулап, жерлеген. Тума-туыстары, ұрпақтары зират басына барып, дұға етеді.
Енді 30 жыл өткен о дүниелік болған қарт кімге керек болып қалды?.. Немересі әскери борышын өтеп келген соң шекара қызметіне қалмақшы екен. Шекарашы болу үшін оның арғы тегін тексеретін көрінеді. Былайша айтқанда, бұлардың тегінде «шпион», «тыңшы», т.б. сияқты «күдіктілер» болмау керек... Немересінің (жігіттің) айтуынша, арғы тектерінде «шпион» жоқ екен. Бірақ тәртіп солай, құжаттың бәрі заңдылыққа сәйкес ресімделу керек.
Тиісті органдардан атасының қайтыс болғандығы туралы анықтама алайын десе, 1984 жылы мыңдаған адам тұрған қазіргі Бірік ауылдық округінде тек 2 адам ғана қайтыс болған деген анықтама жазылған. Бұл қандай ақылға сыяды? Ешкім де мәңгілік емес. Өмір бар жерде, өлім бар емес пе?! Атасының өмірден өткені туралы ешқандай құжаттың жоқтығына кім кінәлі?
Қызықты қараңыз. Әлгінде айтқанымыздай, расында да үш ірі елді мекені бар ауылда бір жылда екі адам ғана дүниеден өтеді дегенге сену қиын-ақ. Енді шекара қызметіне барғысы келетін жігіт атасының қайтыс болғаны туралы құжат болмағандықтан, дағдарып отыр.
Апырым-ай, сонда дүниеден өткен атасының құжаты жоқтығынан өз елінің шекарасын қорғауға ниет білдіріп отырған жігіттің мақсаты табанға тапталатын болғаны ма? Әлде сонау өткен ғасырдың 80-ші жылдарында Бірік ауылдық округінде «Кащей Бессмертныйлар» өмір сүрді ме?! Егер олай болса, олар осы күнге дейін арамызда зейнетақыларын алып жүрмей ме?..
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы,
Әжібай ауылы.

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25