20 Маусым, 2015

Ынтымақтастықты кеңейтеді

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) және «Сбербанк России» ААҚ XIX  Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының шеңберінде жаңа келісімдерге қол жеткізді. Тиісті келісімдерге ERG S.a.r.l. менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич пен «Сбербанк России» ААҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Максим Полетаев қол қойды. Бұл құжат жоғары сенімділікті және тараптардың соңғы жы­л­дар­да бірге жүргізген жұмыс­тары­на қанағаттануды, сонымен қатар ұзақ мерзімді стра­тегия­лық ын­ты­мақ­тастығын дамыту ние­тін көрсе­теді. Құжаттың негізгі тар­мақ­тары­ның бірі – ERG қолданыстағы міндет­темелерді 6 жылға дейін ұзарту нұсқаларын қарау болып отыр. ERG – табиғи ресурстарды өнді­ру және өңдеу саласындағы әлем­дегі ең ірі компаниялардың бірі. Инвес­тициялық әрі қаржылық қызмет саласында қаржылық және консуль­тациялық қызметтердің кең ауқым­дағы жаңа технологияларымен өзін-өзі қамтамасыз етуге қабі­летті. «Сбербанк России» ААҚ компа­ниясының ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ бизнесті дамыту бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру жағдайында жеке шешімдерді және бәсекелестікке қабілетті шарттарда қызмет шарттарын әзірлеуге дайын. Александр Машкевич қол қою рәсімі туралы түсініктемесінде былай деді: – Ұзақ уақыт бойы «Сбербанк Рос­сии» Eurasian Resources Group-тың ең маңызды әріптестерінің бірі болып табылады және осы жылдар ішінде кешенді банктік қызметтердің ең жоғары стандарт­тарын көрсетеді. Осы ынтымақ­тас­тықтың жалғасы мен кеңеюі өзара жоғары сенімге негізделген. Бұл қадам – біздің бизнесіміздің позитивті дамуының салмақты белгісі. Ол ERG басқару әдістерін мен құралдарын үнемі жетілдіретін Топ ретінде одан әрі қаржылық тұрақтылығын және тиімділігін арттыруға ықпал етеді. «Егемен-ақпарат».