20 Маусым, 2015

Қарағанды ертеңі осындай

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-06-2015-karaganda 01Басқа басқа, мекен еткенімізге қырық жылдай болып қалған Қарағандының көз алдыдағы өзгерісі өзімізді де таңдандырмай тұрмайды. Әсіресе, соңғы жылдардағы өзгеруін ғажайып құбылысқа тең көрініс пе дерсіз. Ал сәулетшілердің жаңа жобалары бойынша одан сайын шырайлана түспектігі бөлек бір әңгімеге арқау болады. Қазіргідей қиын кезеңде бұл мүмкін бе! Қала әкімінің орынбасары Тайхан Қалмахановтың айтуынша, мүмкін екен. Дағдарыс өтеді де кетеді. Өмірлік істер жалғаса береді. Соның ішінде құрылыс қарқыны сақталып қана қоймай, дамуын жаңғырту шаһар келешегін кемел етуге бастайды. Мемлекеттік көмекпен бірге ұлттық компаниялар мен мықты инвесторлар қолдауы арқылы осыған арналған бас жоспарға сәйкес алдағы уақытта кескін-келбеті танығысыздай көркеймек дейді. Бұл жолғы іс-жоба әлемдік сәулет өнерінің жауһарларынан кем түспес заманауи үлгідегі әсем де зәу­лім ғимараттар қатарын көп­теп тү­зеуге бағытталған. Бұлар қала­ның оңтүстік-шығыс және Май­құ­дық бөлігі аралығындағы әзірге ашық аймақты көркі көз тартар­лық ор­таға айналдырады. Осы тұстан тұр­ғы­зылатын қазіргілерден де биік «Три­листика» тұрғын үй кешені жергілікті сәулетшілердің талғампаз ізденісін бейнелейтін болса, қапталдаса бой көтеретін бес жұлдызды мейманхана, сауда-сауық орталығы, балалар мен жасөспірімдер сарайы сән жарас­тырады. Ал таяу арада есік ашқалы отырған «Достық» үйінің өзіндік ажары да айшықты болмақ. Қайта жайнап-жасарудағы Қа­ра­ғандының келешегі осындай. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».