Сапар барысында қазақстандық делегация Стивенейдж қалалық кеңесінің төрайымы Шарон Тэйлормен, қала басшысы Скотт Крадгингтонмен және Стратегиялық даму департаментінің директоры Мэттью Партриджбен кездесті.
Қазақстан делегациясы, сонымен бірге, Харфордшир Графтығының бизнес-конференциясына қатысып, Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Бизнес-конференция барысында Харфордшир Графтығының сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Йоланда Раггпен, UKTI-CATBIG төрағасы Питер Линдсеймен және британдық бірқатар компания өкілдерімен ынтымақтастықтың нақты жолдары талқыланды.
Қазақстандық делегация тәжірибесі Оңтүстік Қазақстан облысындағы технологиялық парктерді жетілдіруге қолдануға болатын «BioPark» даму және зерттеулер орталығына үлкен қызығушылық танытты. Орталықта ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізіп, экономиканың түрлі секторына инновациялық технологиялар жасаумен және енгізумен айналысатын әлемнің 50-ге тарта компаниясы жұмыс істейді.
Делегация, сонымен қатар, Харфордшир университетінің жаңа дәрі-дәрмек жасаумен және қолданумен шұғылданатын фармацевтикалық зертханасын аралап көрді. Келіссөздер барысында зертхана басшылығының Шымкент қаласына сапарын ұйымдастыру және «Сейітбек әулеті» ЖШС зертханашыларын Харфордшир университетінде тағылымдамадан өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сапар барысында туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Делегация «Стивенейдж» футбол клубына және Харфордшир байдарка кешеніне барып, байдарка және каноэде ескек есуден 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Этьен Стоттпен кездесті.
Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы, сонымен қатар, Лондон қаласында болып, «United Kingdom Export and Finance» (UKEF), «United Kingdom Trade and Investment» (UKTI) агенттіктерінің өкілдерімен және британдық бірқатар компания басшылығымен кездесулер өткізді. Сонымен бірге, Манчестер қаласына сапар жасап, қала басшылығымен жүздесті және бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралады.
«Егемен-ақпарат».

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше