АТЫРАУ. 3 тамыз. Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасы Атырау облысы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары Б.Дәукеновке, А.Әбдіровке, А.Керімовке, Б.Жантеміровке және басқаларына қатысты облыс прокурорының кассациялық наразылығына, сотталушылардан, олардың қорғаушыларынан және қылмыстық процеске қатынаспағанымен, олардың құқықтары мен мүдделері сот үкімінде көрсетілген тұлғалардан түскен кассациялық шағымдарына байланысты сот қаулысын шығарды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Кассациялық сот алқасының қаулысымен бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың үкімі мен қаулысы ішінара өзгертілді. Атап айтқанда, мүліктерді мемлекет пайдасына қайтару жөніндегі бөлігін өзгертіп, 3 пәтер, тұрғын үйлерімен бірге 2 жер телімі және 3 жер телімі тыйым салынудан босатылды. Бірінші сатыдағы және апелляциялық сот алқасының үкімі мен қаулысының қалған бөлігі өзгеріссіз, сотталушылар мен олардың қорғаушыларының кассациялық шағымдары –қанағаттандырусыз қалдырылып, прокурор наразылығы ішінара қанағаттандырылды», – делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін, яғни, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылдың 14 қарашасындағы үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің әртүрлі баптары бойынша (қызмет бабын пайдаланып ұйымдастырылған қылмыстық топқа басшылық жасау, 42 млрд теңге бюджеттік қаржыны талан-таражға салу, алаяқтыққа жол ашып, жалған құжаттар әзірлеу және т.б.) кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалған еді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызмет.
Сурет: nur.kz.
• 03 Тамыз, 2015
Атырауда бұрынғы лауазымды тұлғаларға қатысты үкім өзгертілді

Алматыда аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше