Спорт • 16 Мамыр, 2025

Жас теннисшілер – жартылай финалда

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы теннистен Азия/Тынық мұхиты аймағының Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жас теннисшілер – жартылай финалда

Ширек финалда біздің теннисшілер Үндістан құрамасын жеңді. Алғашқы кездесуде Еркежан Жанатаева Мундхе Аруннан 6:7, 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Көп кешікпей Ева Корышева Аахан Ааханды 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Осылайша, отандастарымыз қараша айында Чилиде өтетін жасөспірімдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Енді олар Оңтүстік Корея және Тайбэй құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар