АСТАНА. 3 тамыз. Мемлекет басшысы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің және Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен кеңес өткізді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мәжіліске сондай-ақ, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Президенттің көмекшісі Нұрлан Онжанов және Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қатысты.
Іс-шара барысында ел экономикасының қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, алдағы мерейтойлық даталарға – Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және басқа да халықаралық шараларға байланысты дайындық мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы мәжіліске қатысушылардың назарын әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға тигізетін теріс ықпалдарына аударды.
«Нарықтағы конъюктураның нашарлауына, ел бюджетінің ахуалына, сондай-ақ біздің негізгі экспорттық тауарларымызға деген бағаның төмендеуіне байланысты жалпыға бірдей қаражат үнемдеуді енгізу қажет. Бұл шараларды келесі жылдың бюджетінде де ескеру керек. Ешқандай қиындыққа қарамастан, біз экономика өсімінің қарқынын төмендетуге және азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын нашарлатуға жол бермеуге тиіспіз. Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек. Біз осы бір күрделі кезеңді еңсеруге тиіспіз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 03 Тамыз, 2015
Президент ел экономикасының дамуына қатысты кеңес өткізді

Алматыда аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше