АСТАНА. 3 тамыз. Елбасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері, сондай-ақ, «100 нақты қадам» ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясындағы министрліктің қызметі талқыланды.
Мемлекет басшысы мерекелік шараларды даярлау барысында негізгі салмақ Мәдениет және спорт министрлігіне түсетінін айтты.
«Осы жылдар ішінде Мемлекет тарихы институты құрылды, көптеген ғалымдарымыз тарихи материалдар іздеп табу және оларды жан-жақты зерделеу үшін шетелдерге шықты. Ел болу үшін, сондай-ақ, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу үшін бізге Қазақстанның шынайы тарихы керек», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті мерейтойды қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайда артық шығынсыз, бірақ халық жадында қалатындай сапалы өткізу керектігін айтты. Мемлекет басшысы мерейтойлық шараның басты мақсаты барша қазақстандықтардың патриотизмін нығайту және олардың рухани тұрғыдан өсіп-жетілуін қамтамасыз ету болып саналатынын атап өтті.
Мәдениет және спорт министрі мерекелік шаралар Астанада және Таразда өтетінін айтты.
«Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу қазақ халқының біртектілігі мен бірлігін нығайту үшін өте маңызды. Біз бірінші кезекте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуге көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, қазіргі кезде Таразда этнографиялық музей және орталық салынуда. Маңызды археологиялық жұмыстар жүргізілуде», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Алматыда аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше