21 Маусым, 2015

Алматыда Денис Теннің мұз айдындағы шоуы өтті (фото, видео)

428 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
21-06-2015-Denis Ten 01АСТАНА. 21 маусым. Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ сарайында мәнерлеп сырғанаудың хас шебері, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, отандасымыз Денис Теннің «Сәлем, Алматы» атты мұз айдындағы шоуының бірінші күні өтті. Оған спортшының өзінен бөлек, достары, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада және әлем чемпиондары және басқа да белгілі аталған спорт жұлдыздары қатысты. Сондай-ақ, шоуды тамашалауға Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай елдерінен де жанкүйерлер келді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Денис Тен отандық жанкүйерлеріне осымен үшінші жыл қатарынан тамаша шоу ұсынып келеді. Бұл жолы ұйымдастырушылар техникалық безендіруге ерекше мән бергені байқалады. Ол үшін екі қабатты сахнаны айтсақ жеткілікті. Алдымен барлық қатысушы бір мезетте айдынға шығып өнер көрсетті. Кейін жанкүйерлер Оңтүстік Корея өкілі әйгілі Су Юн Пак пен канадалық Эладж Бальденің тамаша өнеріне куә болды. Жалпы, шоудың бірінші күнінде АҚШ-тан арнайы келген жұптасып билеудің шеберлері Алекс пен Майя Шибутани, жұптасып өнер көрсетуден екі дүркін әлем чемпиондары Цин Пан мен Цзян Тун, биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ресейлік Елена Родионова, Олимпиада чемпиондары Татьяна Волосожар мен Максим Траньков және тағы басқа белгілі мәнерлеп сырғанаушылар айдынға шықты. Сонымен қатар, шоудың тағы бір ерекшелігі, спортшылар жанды музыканың сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Денис Тен «Тұран» этно-фольклорлық тобының орындауындағы аккомпанементке биледі. Ал кеш соңында жылдағы дәстүр бойынша барлық қатысушы қазақтың ұлттық киімін киіп айдынға шықты. Шоудың жалғасы бүгін болатынын айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: vesti.kz. 21-06-2015-Denis Ten 09 21-06-2015-Denis Ten 02 21-06-2015-Denis Ten 03 21-06-2015-Denis Ten 04 21-06-2015-Denis Ten 06 21-06-2015-Denis Ten 05 21-06-2015-Denis Ten 07 21-06-2015-Denis Ten 08