Қылмыс • 29 Мамыр, 2025

Атырау облысыда Сағыз ауылындағы атыстан 3 адам жарақат алды

2330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, 27 мамырда түнде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында атыс болды. Үш адамға оқ атқан күдікті әлі ұсталмаған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысыда Сағыз ауылындағы атыстан 3 адам жарақат алды

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу кезінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Полиция қызметкерлері қақтығысқа қатысушыларды анықтау, ұстау үшін кешенді шаралар қолдануға кірісті. Қылмыстық істі тергеу департамент басшылығының бақылауына алынды», деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Сағыз ауылынан үш ер адам түрлі дене жарақатын алған.

«Санавиация қызметімен бір адам жедел түрде облыстық ауруханаға, екеуі аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір медицина қызметкерлері жедел әрекет етіп, жарақат алғандарға тиісті алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жарақат алғандарға шокқа қарсы және қан тоқтатушы терапиялар, ауырсынуды басу үшін ем-дом жүргізілді. Науқастарға оттегімен емдеу және инфузиялық терапия тағайындалды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50