Қоғам • 30 Мамыр, 2025

Мәдени-гуманитарлық байланыс мәселелері байыпталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай Коммунистік партия­сы­ның Орталық комитеті Үгіт-насихат бөлімі меңгеру­шісінің орынба­сары Ху Хэпинмен кездес­ті. Бұл жүздесу мәдени-гума­ни­тар­лық және ақ­­­­­па­рат­тық саладағы екі­жақты ынтымақ­тас­тық­ты да­мы­ту аясында өтті.

Мәдени-гуманитарлық байланыс мәселелері байыпталды

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Қытай арасындағы бұқа­ралық ақпарат құралдары, ғылым және мәдениет сала­­ла­рындағы өзара іс-қимыл­­дың негізгі бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ екі елдің сараптамалық орта­­лықтары мен жетекші медиа құ­ры­лымдары арасындағы тәжі­­­ри­бе алмасу мәселесіне ерекше на­зар аударды.

Ху Хэпин қонақжайлық көрсет­кені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдіріп, Қытай мен Орталық Азия елдерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығы форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

Тараптар гуманитарлық диа­логті нығайту өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухындағы байланыстарды одан әрі бекем­­деу­­ге ықпал ететініне сенім білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30