14 Ақпан, 2015

Ассамблея кафедрасының рөлі

380 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде елімізде этносаралық татулық пен келісімді нығайтудағы этносаясатты насихаттауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының екінші отырысы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылған бұл басқосуда еліміздегі этнос­аралық ынтымақ пен бірліктің ел дамуына қосып келе жатқан үлесі аталып, жаңадан ашылған кафедралардың жұмысы, олардың оқу бағдарламалары талқыланды. Отырысқа жетекшілік еткен Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Төраға­сының орынбасары, Еура­зия ұлттық университетіндегі ҚХА кафе­драсының меңгерушісі Анатолий Башмаковтың атап өтуінше, 2013 жылдан бастап Ассам­блея еліміздің жетекші жо­ғары оқу орындарында әдістемелік алаңдар құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде Ассам­блеяның еліміздегі универ­ситеттері жанынан он бір кафедрасы ашылыпты. Осы университеттегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгеруші Ғаділ­бек Шалахметовтің айтуынша, жетекші оқу орындарының база­сында ашылып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан халқы Ассам­б­леясы кафедраларының ­сту­дент жастар арасында толе­рант­ты­лықты қалыптастыруда алатын орны ерекше. Бейбітшілік және келісім орталықтарының, ғылыми-зерттеу институттарының құрылуы елімізде этносаралық және конфессияаралық келісім­ге ерекше маңыз беріліп отыр­ға­нын көрсетеді. «Қазақ халқы­ның ғасырлар бойы бойына сіңір­ген қасиеттерінің бірі – адам­гер­ші­лік, – деді келесі кезекте сөз алған Президент жанын­дағы Мем­­лекеттік басқару акаде­мия­сы этнос­аралық және конфес­сия­ара­лық қатынастарды зерттеу орталы­ғының жетекшісі Айгүл Сәдуа­қасова. – Сол асыл қасиет­терімізді қазірден бастап жастары­мыздың бойына дарытып, қалып­тастыра білсек, сонда біздің еңбе­гіміздің жанғаны болып табылады». Отырыста, сондай-ақ, ҚР Пре­зиденті жанындағы «Қоғам­дық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметі де таныстырылды. Осы мекеменің ғылыми-сараптау және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің жетек­шісі Нұрбек Шаяхметовтің хабардар еткеніндей, «Қоғамдық келісім» мекемесі Президенттің 2014 жылғы 17 маусымдағы жар­­лы­ғы бойынша құрылған. Барлық об­лыс­та мекеменің өңір­лік құры­­лым­дары жұмыс істейді. «Қоғам­дық келісім» коммерция­лық емес ұйым болып табылады. Ол Қазақ­стан халқы Ассамблеясының қыз­мет функциясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін құрылып отыр. Ал ҚХА кафедралары қауым­­дастығының ережесі жөнінде Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Махаббат Қозыбаева айтып берді. Оның айтуынша, Кафедралар қауымдастығы өз қыз­метін екі бағыт – ғылыми-әдіс­­­темелік және ғылыми-зерт­­теу жұмыстары бойынша жүзеге ­асыр­­мақ. Ғылыми-әдісте­мелік жұ­­мыс­­тарға Ассам­блея кафедралары­­ның оқу үдерістері­нің үйлес­тіру және оның сапа­сына бақылау ­жа­сау, оқу бағдар­ламаларын әзір­леу­ге қатысты ұсыныстар енгізу, ал ғылыми-зерттеу жұмыстары­на отандық және шетелдік қор­лар­дың гранттарын алу мүмкіндік­те­рін іздестіру, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету, тағы басқа да мәселелер кіреді. Отырыс қорытындысында  ҚХА кафедрасы қауымдастығы туралы ереже бекітілді, сондай-ақ, ҚХА кафедрасы қауымдастығы кеңесінің құрамы сайланды. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.