30 Маусым, 2010

ҚАЗАҚСТАН ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ТЫНЫШТЫҚҚА МҮДДЕЛІ

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өтпелі кезеңдегі Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отунбаеваға жеделхат жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Қазақстан Қырғыз Республикасында референдумның өткізілуімен құттықтайды және жұрт­шылық талғамының қорытын­ды­лары елде қоғамдық-саяси үде­ріс­тердің басталуы мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтануына қызмет ететініне сенім білдіреді, деп атап өтілген. “Қазақстан көршілес мем­ле­кет­тегі ахуал қалыпты күйге түскеніне шынайы тұрғыдан мүдделі және экономика мен саясатта, қоғамдық өмірдің өзге саласындағы рефор­маларды жүргізуде өз тәжірибесін бө­лісуге және бауырлас елге көмек көрсетуге дайын. Біз Қырғызстанның саяси күштерін елдің экономикалық жаңаруы мен халықтың маңызды әлеуметтік проблемаларын шешу үшін күш-жігерін біріктіруге ша­қырамыз”, — делінген  жедел­хатта.