Үкімет • 06 Маусым, 2025

Қасиетті мереке елімізге ырыс-несібесін ала келсін - Бектенов

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Үкіметтің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қасиетті мереке елімізге ырыс-несібесін ала келсін - Бектенов

Фото: Ақорда

«Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлық мейрам қайырымды болу, имандылық пен жанашырлық сияқты халқымызға тән бірегей қасиеттерді дәріптейді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда діннің аса маңызды миссиясы ұлтты ұйыстыру екенін атап өтті. Бұл орайда Құрбан айт ел бірлігін бекемдеп, асыл дініміздегі рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуда айрықша орын алады. Айт күндері ағайын-жұрт бір-біріне игі лебіздерін білдіріп, бауырмалдық пен өзара сыйластықтың шынайы үлгісін көрсетеді. Кемел келешектің кепілі ретінде бейбітшілік пен татулықтың маңызы арта түседі.

Қасиетті мереке елімізге ырыс-несібесін ала келсін. Халқымыздың ниеті қабыл болып, әр шаңырақ мол қуанышқа кенелсін», делінген аталған құттықтауда.