АСТАНА. 22 маусым. Әлемдегі көптеген ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік атаулының жойылып кетуінің жаңа фазасы басталғалы тұрғанын айтып, дабыл қағып жатыр. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
Мұндай тоқтамға АҚШ-тағы Стэнфорд, Принстон және Беркли университеттерінің ғалымдары келді. Оқымыстылар омыртқалылардың жойылып кетуінің жылдамдығы әдеттегіден 114-ке артық екенін есептеп шығарыпты. Осыған орай мамандардың тұжырымдары: «Біз үлкен жойылыстың алтыншы дәуірін бастан кешкелі тұрмыз» дегенге сайып отыр.
Жер бетінде мұндай оқиға бұдан 65 млн. жыл бұрын болған екен. Ғалымдар сол жолы Жермен ірі метеориттің соқтығысуы салдарынан мұндағы динозаврлардың бәрі қырылып қалған, дегенді алға тартады.
«Егер осы жойылудың алдын алып, тоқтатпаса, қайтадан тіршіліктің қалпына келуі үшін тағы миллиондаған жылдар керек болады. Ал алғашқылардың қатарында құрып кететіндер адамдар болады», – деп атап өтті аталмыш зерттеу авторларының бірі Джерардо Цебаллос.
Ғалымдар зерттеу жүргізу барысында қазба жұмыстарының негізінде белгілі болған деректерге қарай отырып, сол кездегі омыртқалылылардың жойылып кетушілігі қарқынын қазіргімен салыстыра қарастырды. Нәтижесінде олар қазіргі жойылыс қарқынының 100 еседен де артық деген байламға келді. Тек 1900 жылы ғана омыртқалылардың 400-ден астам түрі құрып кетіп еді. Ал бұрынғы кезеңдерде мұндай мөлшердегі жоғалтушылықтарға 10 мың жыл уақыт кеткен екен.
Зерттеушілер жойылыстың қатты қарқын алуына Жер бетіндегі климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы мен ормандардың құрып кетулері себеп болып отырғанын айтады.
Оқымыстылар экожүйенің қазіргідей құруы жағдайында, аралардың өсімдіктерді тозаңдауы тыйылған тұста енді үш ұрпақ алмасқаннан кейін Жер бетінде тіршіліктің тоқтауы мүмкін екенін алға тартады. Атақты ғалым Эйнштейн планетадан ара жойылғасын тіршіліктің де тоқтап, адамдардың жоғалатынын өткен ғасырда айтып кеткен еді.
«Күллі әлемде осылайша жойылып кеткен түрлер өте көп, – деп есептейді Стэенфорд университетінің профессоры Пол Эрлих. – Біз шын мәнінде өзіміз отырған бұтақты кесіп жатырмыз».
Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) мәліметі бойынша, жойылып кетудің шегіне келіп тұрғандар қатарында жануарлардың кем дегенде 50 түрі бар екен. Тұтастай алғанда, қазір қос мекенділердің 41 пайызына, сүт қоректілердің 25 пайызына жойылып кету қаупі төніп тұрған көрінеді.
IUCN мұның айқын дәлелі ретінде жақын жылдарда жабайы тұмса табиғи ортадан құрып кеткелі тұрған лемурларды келтіреді. Олардың кем дегенде 94 пайызына осындай қатер төніп тұр. Соның ішінде бұл тіршілік иелерінің бестен бір бөлігінің құрып кететіндері анық сияқты.
IUCN өкілдерінің айтуларынша, Мадагаскардағы лемурлар орманның заңсыз кесілуі ғана емес, сонымен қатар аңшылардың атулары салдарынан да құрып бара жатыр.
Біздің жойылып кетудің алтыншы фазасына жақын қалғанымыз туралы алғашқы дабыл былтыр қағылып еді. Осы тұста Солтүстік Каролинадағы Дьюка университетінің профессоры Стюарт Пимм түрлердің жойылуы әдеттегіден мың есе жылдам қарқынмен жүріп жатқанын мәлімдеді. Ол апаттың алдын алу үшін барынша батыл да тез қимыл жасап, қамдану керек екенін білдірді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.
• 22 Маусым, 2015
Жерде бетінде тіршіліктің жойылу қаупі төніп тұр

Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42