Мен кішкентайымнан әскери мамандықты таңдадым деп өтірік айта алмаймын. Мектепте оқып жүргенде хор үйірмесінде ән айтушы едім. Әндердің арасында «День Победы/Жеңіс күні» деген әнді айтатынбыз. Бір күні осы өлеңді ән жинақтарымның арасынан кездейсоқ кездестіріп қалдым да, қайталап тыңдай бергім келді. Ән маған айтып тауыса алмайтындай әсер қалдырды. «Отан қорғау», «Ана», «Жеңіс» деген сөздер құлағымнан кетпей қойды. Мен Отан қорғаушы боламын деп шештім. Сондықтан да «Арыстан» – нағыз офицер болуға тәрбиелейтін мектепті таңдадым. Ата-анам бұл шешіміме таңғалды, әрі шынайы қолдады. Дәл қазір мен бәрін үлкен адамдарша ойлаймын, өйткені, менің болашақ мамандығым – Отан қорғаушы...
(Бексұлтан Бисенов. Әскери «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысының шығармасынан).
Тәуелсіздік алған жылдан бастап Қазақстанда әскери оқу орындары көптеп ашылды. Солардың бірі – Іле Алатауының бөктерінде орын тепкен заманауи білім беретін Алматы қаласының маңындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейі. Мектеп «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоғамдық қорының» қолдауымен 2011 жылы қаңтар айында ашылды. Бұл лицейдің ерекшелігі сол, ол мемлекеттің емес, Отанымыздың дамуына үлес қосқан табысты кәсіпкерлердің жеке қаражатына салынған. Лицей – Қазақстанда баламасы жоқ заманауи оқу орны. Әскери үлгіде дәріс беретін «Арыстан» арнайы мектебі мемлекеттік органдар мен құқық қорғау саласында қызмет істейтін мамандарды даярлайды. Жаңа лицей кешені 20 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Мұнда сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Төрт мезгіл тамақ, негізгі және қосымша сабақтар, спорттық және әскери дайындық – бәрі тегін. Ал шәкірттерге қойылатын талап – білім алуға үлкен ықылас танытып, темірдей тәртіпке бағыну.
Лицейдің оқу кабинеттері зертханалар, дәрісханалар, ақпараттық-кітапханалық және мәдени-демалыс орталықтарымен толықтай жабдықталған. Шәкірттердің физикалық тұрғыда дамуы үшін көпфункциялы спорт залы, бассейн, бокс, күрес пен зілтемір көтерумен және т.б. спорт түрлерімен айналысуға арналған үйірмелер үздіксіз жұмыс істейді. Жаздық спорт базасы футбол, гимнастика, волейбол, баскетбол алаңдарымен, теннис кортымен қамтылған. Бұл мектепте физика, математика, информатика, басқа да пәндер үш тілде тереңдетіп оқытылады. Оқуға 8-сынып оқушылары арасынан Қазақстан бойынша үміткерлер іріктеледі. Лицейге қабылдау конкурс арқылы жүргізіледі және психологиялық тұрғыда шыныққан, денсаулығы мықты, үздік оқушылар, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы, нақты ғылымдарға жүйрік, бастысы, әскери іске құштар ер балалар ғана түседі, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына орын қарастырылған.Лицей түлектері еліміздің және бүкіл әлемнің ең озық университеттерінде жолдамамен оқитын болады.
Төрт жарым жыл ішінде-ақ әскери тәртіптегі «Арыстан» мамандандырылған лицейін республика аумағы тегіс танып үлгерді. Мұндай құрметті иелену үшін, біріншіден, «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры» қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесі басшылығының нәтижелі істері себеп болды. Екіншіден, лицей басшысы, запастағы генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы, Әскери ғылымдар академиясының толық мүшесі Сәбит Тауланов бастаған іскер ұстаздардың сапалы білімге қол жеткізген нәтижелері мүмкіндік беріп отыр.
«Арыстан» лицейі – шын мәнінде өз болашағын әскери қызметке арнайтын, Қарулы Күштердің офицері болуды, елінің қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосуды армандайтын, батыл, ержүрек, патриот ұландарға арналған мектеп. Мұндай оқу орындарында болашақ көшбасшылар тәрбиеленеді», – деді 2013 жылы 27 сәуірде «Арыстан» лицейінің ант қабылдау салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасымыз сол сапарында лицей жұмысымен танысты, орынжайларын аралап көріп, жоғары баға берді.
– Еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді орындау жөніндегі жаңа бағыттарды жүзеге асыруда. Бұл үшін сапалы білім алған жастар керек. Мен сіздер үшін жасалған барлық жағдаймен танысып шықтым. Сіздердің жанарларыңыздан жігер ұшқынын, сондай-ақ, жақсы оқуға, биік мақсаттарға жетуге деген құлшыныс көрдім. Оқытушылар құрамы мен ата-аналарыңыз еліміздің нағыз азаматтары болуларыңыз үшін сіздерге барлығын жасайды деп ойлаймын. Мен сіздерге денсаулық және оқуда табыс тілеймін, – деген еді Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев лицейшілердің ант қабылдау салтанатына қатысқан кезінде.
Елдің ертеңін тәрбиелі де білімді ұрпақ көркейтеді. Ал Отанымыздың қорғаныс қабілетін арттыра түсуге «Арыстан» сияқты темірдей тәртібі бар оқу орны да сүбелі үлес қосатынына сеніміміз зор.
Сәулебек БІРЖАН.
АЛМАТЫ.

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026