- «Бавария» «Барселонаның» алаңында өткізген соңғы 4 ойынның 3-уінде жеңіске жетті.
- Бүгінге дейін қос команда еурокубок бәсекелерінің жартылай финалында екі рет кездескен. Оның соңғысы осыдан екі жыл бұрын болғаны есімізде. Чемпиондар лигасының 2012-2013 жылғы маусымында болған сол ойында «Бавария» екі кездесу нәтижесі бойынша 7:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал алғаш рет 1995-1996 жылғы маусымда УЕФА кубогының жартылай финалында жолдары түйісті. Ол кезде де немістер жалпы нәтижеде 4:3 есебімен басым түсті.
- 2008-2009 жылғы маусымда екі команда Чемпиондар лигасының ширек финалында кездесті. «Барселонаның» сол кездегі бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола («Баварияның» қазіргі бас жаттықтырушысы) еді. Сол жолы Испанияда өткен алғашқы матчта «Барселона» 4:0 есебімен жеңіске жетті. Ал қарымта ойында қарсыластар тең тарқасты (1:1).
- Чемпиондар лигасының 1998-1999 жылғы маусымында екі команда бір топқа түсті. Ол кезде «Барселонаның» қазіргі бас жаттықтырушысы Луис Энрике осы команданың ойыншысы болатын. Ол кезде екі ойын нәтижесі бойынша мюнхендіктер 3:1 (1:0, 2:1) есебімен жеңіске жетті. Сол маусымда «Бавария» финалға дейін жетіп, шешуші ойында «Манчестер Юнайтедке» есе жібергені есімізде. Дәл сол финалдық бәсеке футбол тарихындағы ең жарқын ойындардың бірі ретінде хатқа түскені де белгілі.
- «Бавария» тарихында Чемпиондар лигасын 5 мәрте жеңіп алған. Сондай-ақ, бүгінге дейін осы сайыстың финалында 10 рет ойнаған. Ал турнирдің 4 дүркін жеңімпаздары «Барселона» 7 рет финалға шыққан.
Командалар мына құрамда алаңға шығуы мүмкін.