Заң мен Тәртіп • 16 Маусым, 2025

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына айыппұл салынды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған мекемеге табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылған. Бұдан бұрын да филиалға 61,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Осылайша, жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 79,6 млн теңге болды, деп хабарлайды   Egemen.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйене отырып.

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына   айыппұл салынды

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарапынан филиал қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат жарияланған еді. Атап айтқанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылуға техникалық шарттар беру кезінде филиал тұтынушылардан заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қойып, құжаттар талап еткен. Бұл әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын және заң нормаларын бұзу ретінде танылды.

Қазір Қызылорда облысы бойынша комитет департаменті мен филиал арасындағы сот процестері аяқталып, филиалдың кінәсі дәлелденді. Әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленіп, мемлекет бюджетін толықтырды.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10