19 Наурыз, 2015

Қаржылық сауықтыру қолданыста

426 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
0001-234Кеше орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ермек Көшербаев баспасөз мәслихатын өткізді. Ол аграрлық саланы қаржыландыруды сауықтыруға байланысты қолға алынған шаралар жөнінде әңгімеледі. Спикердің айтқанына зер сал­сақ, ағымдағы жылы қаржылық сауықтыруды жалғастыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес-2020» бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіпті. Атап айтқанда, дәл бүгінгі күнде АӨК субъектілерінің кредиттік және ли­зингтік міндеттемелерін са­уық­тыру сомасын 500 млрд. тең­геге дейін ұлғайту бойынша жұ­мыстар жүргізіліп жатыр екен. «Бағдарламаның негізгі мақсаты, жалпы берешек сомасы 300 млрд. тең­геге тең қаржыны қайтару мер­зімін ұзарту болып отыр. Сон­дай-ақ, АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік мін­дет­темелерінің пайыздық ставкасын барынша азайтуды көздеп отырмыз. Бүгінде бұл мақсат толық орындалған. Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі бөлігі өсімдік шаруашылығына беріліп отыр. Оған көрсетілген қаржының – 86,4, мал шаруашылығы саласына – 2,8, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге – 5, басқа қызмет түрлеріне 5,6 пайызы тиесілі болып тұр», деді вице-министр. Спикер АӨК саласындағы проб­лемалы несиелердің көлемін азайтып, олардың несиелік салмағын төмендету мен банкроттыққа ұшы­рау қаупін барынша төмендету мақ­­сатында 2013 жылдан бері бір­қатар игі шаралар атқарылғанын айт­ты. Сөйтіп, министрлік АӨК су­бъ­ек­тілерін қаржылық сауықтыру тиянақты жүргізіліп келе жатқанын жеткізді. Оған қоса, бағдарламаға ірі агроқұрылымдармен қатар шағын және орта агробизнес өкілдері де қатысатынын білдірді. Вице-министрдің сөзіне илансақ, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу мұң болып тұрған кезеңде, агроөнеркәсiп кешенiн қаржылық сауықтыру шарасының арқасында 25 мың жұмыс орны сақталып қа­лыпты. «Банкроттық – бұл шаруа­ны жүр­гiзу түрi. Мұнымен айтпағым, егер кәсiпорын банкрот болса, ол қызметiн тоқтатады деген сөз емес. Бiздiң iрi агрохолдингтер қазiр дәл осындай жағдайда. Бұл ретте қаржылық сауықтыру шаралары осы компанияларға жұмысын әрі қарай жалғастыруға көмектеседi. Нақты айтар болсам, саланы қаржылық сауықтыру 25 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкiндiк бердi», дедi Е.Көшербаев. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».