19 Наурыз, 2015

Қаламгердің Мәскеудегі кеші

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
dosanovМемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Әдебиеті академиясының академигі Сәбит Досановтың 75 жасқа толуына орай Ресей Жазушылар одағы және «Қазақ тілі», «Мұрагер» қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған жазушының шығармашылық кеші Ресей Федерациясының Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Кеште сөз сөйлеген сыншы, академик Феликс Кузнецов, Ресей жазушылар одағының бірінші хатшысы, ақын Геннадий Иванов, тарихшы, әдебиетші Валентин Осипов, Тәжікстанның халық жазушысы Шавқат Ниязи, жазушы, Ресей баспасөз клубының президенті Валерий Поволяев, мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Сергей Соколов, Ресейдегі Қазақстан елшісінің қызметкері Виктор Темірбаев және басқа да шешендер есімі мен еңбегі Сәбит Досанов шығармашылығының әдеби кеңістікті кеңейтіп, халықтар достығына, бейбітшілік пен келісім идеяларына қызмет етіп отырғанын ерекше атап өтті. Кеште Сәбит Досановқа Сергей Есенин атындағы «Золотая осень» сыйлығының дипломы мен ордені табысталды, сонымен бірге ол Василий Шукшин медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жазушыны Мәскеудегі шығармашылық кешімен құттықтаған жеделхаты оқылды. Сәбит Досановтың Мәскеуде өткен шығармашылық кешіне генерал-полковник, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Юрий Ефимов, көрнекті ақын Леонид Монастырский, белгілі армян әдебиетшісі Станислав Оганян, Халықтар достығы университетінің проректоры, профессор Нұр Қирабаев, «Московский литератор» газетінің бас редакторы Иван Голубничий, Ресей мен Қазақстан және Қырғызстанның елге танымал көрнекті тұлғалары қатынасты. «Егемен-ақпарат».