Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.
Елбасының алға қойған айқын міндеттері, нақты тапсырмалары, халыққа артқан сенімі бәрімізді әркез қанаттандырып отырады. Дамудың даңғыл жолын жаңғыртушы Қазақстанымыздың қадамы қарышты бола түспектігі қуантады. Алда кешегіден де биік асулар тұрғандығы жаңа 5 институттық реформаны іске асыруға кірісуді көрсетіп отыр. Осыған орай, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылуын қолдаймыз. Аталған құрылым қызметі арқылы мемлекеттік органдардың, шағын және орта бизнестің, азаматтық қоғамның іс-қимылы үйлесім табуы арта түсері сөзсіз.
2003 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шаруашылық жүргізуде осы саланы жетілдіруге мемлекет тарапынан барынша мүмкіндік жасалып келе жатқанына куәмін. Соның шарапаты жезқазғандық әріптестерімдей маған да тиді. Қалада тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсететін орындармен қатар Бизнес және көлік колледжін ашуға мұрындық болуым осы саланың мамандарын даярлауға септігін тигізіп жүр. Елбасының тапсырмасымен салынған Жезқазған – Бейнеу теміржолында жұмыс істеушілердің басым бөлігі – біздің түлектер.
Комиссияның реформаны орындау үшін қажетті барлық өзекті мәселелерді терең талқылап, байыпты бақылап, ұмтылысқа үлкен қозғау салар шешімдер қабылдайтын құрылым болатынына сенеміз. Күтеріміз де, тілеуіміз де сол.
ЖЕЗҚАЗҒАН.