07 Мамыр, 2015

Астаналық ардагерлер марапатталды

437 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше елорда әкімдігінде Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.

egemen (3)

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Жарлы­ғымен Астана қаласында тұра­тын бір топ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбеккерлері мемлекеттік наградалармен ма­рапатталды. Астана қаласы­ның әкімі Әділбек Жақсыбеков Ел­басы атынан мемлекет алдын­дағы ерен еңбегі, белсенді қо­ғам­дық қызметі үшін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жыл­дығының құрметіне соғыс ардагері Шағила Құсайы­но­ваға «Парасат» орденін, соғыс ардагерлері Тезекпай Әбді­рах­мановқа, Қадан Бекеновке, Владимир Кальсинге, Мария Полто­рацкаяға, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Астана қаласын­дағы бөлімшесінің төрағасы Амангелді Сыздықовқа «Құрмет» орденін тапсырды. Соғыс арда­герлері Баймұхан Әбілов, Бақты­бай Алмабеков, Александр Мору­нов, Шәріп Рахымжаров, еңбек ардагері Қали Мұқатаев, «Арда­герлер ұйымы» РҚБ Астана қаласындағы бөлімшесі төраға­сының орынбасары Есболат Дүйсенов «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

– Сіздерді келе жатқан айтулы мереке – Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын. Жеңіс күні – біз ерекше тол­қы­ныспен қарсы алатын мереке­лердің бірі. Бұл мереке бізді біріктіріп қана қоймай, Сіздерге – жеңімпаз буынға еліктеуге шақырады, – деді әкім.

Сонымен қатар, соғыс арда­герлері Сихымбай Мамыров пен Жанияз Шалболовқа Қазақстан Республикасының құрмет грамоталары табысталды.

– Сіздердің өмірлеріңіз ерен ерлікке, қаһармандыққа және табандылыққа толы. Соғыс­тың ауыр зардабын арқалап өттіңіздер. Соғыс жылдары­нан кейін мемлекетті жанданды­руға қатыстыңыздар. Сіздердің ерліктеріңіз біз үшін әрқашан үлгі болып қалады. Сіздерге ден­саулық пен жақсылық, отбасы­ларыңызға бақыт тілеймін! – деді Әділбек Жақсыбеков.

«Егемен-ақпарат».