Кеше Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабы 6-тармағына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылды:
- Ә.Қ.Құсайыновтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;
- Ә.Қ.Құсайыновтың өмірбаяндық деректері;
- Ә.Қ.Құсайыновты қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
- Кандидат пен оның зайыбының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
- Кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.