19 Наурыз, 2015

Облыс жұртшылығына арналған үндеу

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түсіп Күзембаев атындағы байырғы шахта кеншілерінің кезектен тыс өткізілетін, президенттік сайлауға арналған жұмыс ауысымы кезінде ұйымдастырылған жиналысқа ұжым мүшелерінің бәрі қатысты. Рисунок4Кәсіпорын директорының экономика және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Мұқаш Базылов, шаруашылық қызметтің басшысы Виктор Бауэр және басқалары елімізде кезектен тыс өтетін президенттік сайлауға байланысты ой-пікірлерін ортаға салды. Олар өз сөздерінде елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – сайлауға бір кісідей қатысып, азаматтық парызға адалдық танытуға шақырды. – Біз көмір өндіруші кәсіп­­орын­дардағы еңбектес әріп­тес­теріміздің осы күні бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ке­зектен тыс президенттік сай­лауға үлкен белсенділікпен қаты­сатынына сенеміз және солай болуын қалаймыз. Мем­лекет дамуының жауапты ке­зеңінде әрқайсымыз өз ұста­ны­мы­мызды көрсете алуымыз ке­рек, – деген В.Бауэрдің сөзі өзге де сөйлеушілер тара­пынан қызу қосталды. Ел­дің, өскелең ұрпақтың жар­қын келе­шегі, дамудың жаңа саты­лары­на көтерілу үшін, дос­тық пен тұтастық үшін дұрыс таң­дау жасаудың, яғни бұл үде­рісте жоғары жауапкершілік танытудың маңыздылығы аталып, белгіленген мерзімде қо­ғам­дық бірліктің үлгісі көрсе­тілуге шақырылды. Жиналыста президенттік сай­лауға ұйымшылдықпен қаты­су туралы облыс жұрт­шы­­лы­­ғына арналған үндеу қа­был­данды. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.