16 Ақпан, 2015

Атырауда татар ақыны Мұса Жәлелдің өлеңдері үш тілде оқылды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
265406_1424064840АТЫРАУ. 16 ақпан. Атырауда Достық үйінде татар ақыны, Кеңес Одағының батыры Мұса Жәлелдің шығармашылығына арналған еске алу кешінде оның өлеңдері үш тілде оқылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Белгілі татар ақыны екінші дүниежүзілік соғыста жау қолына түскеніне қарамастан, Отаны туралы жыр жазудан жалықпаған. Оған 1956 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Кезінде татар ақыны Мұса Жәлел Лениндік сыйлықпен де марапатталыпты. Атыраудағы «Татулык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі Мұса Жәлелдің сұрапыл соғыстағы батырлығы мен тұтқында жүрсе де Отанына сүйіспеншілігін жырына арқау еткен ақындығын жас ұрпақтың жадына сіңіруді көздепті. «Бұл шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ қиын-қыстау кездегі аға ұрпақтың жанқиярлық ерлігін ұмытпауы қажет. Сонымен бірге, тәуелсіз еліміздегі ұлтаралық татулықтың қадірін жете сезінуі керек», дейді «Татулык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гүлсина Байкенова. Достық үйіндегі шарада мектеп оқушылары соғыс және тыл ардагерлері мен өзге этномәдени бірлестіктер өкілдеріне Мұса Жәлелдің позиялық шығармаларын қазақ, татар және орыс тілерінде оқып берді. Ардагерлер мен зейнеткерлерге естелік сыйлықтар табысталды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев. 746048_1424064843 806239_1424064843 873886_1424064841