19 Наурыз, 2015

Головкиннің атын көлік нөміріне жазған жүргізуші ұсталды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-03-15-GGG kolik nomiri 01АСТАНА. 19 наурыз. Шымкентте боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйері сүйікті спортшысының атын көлігінің нөміріне жазып алған. Бұл жөнінде otyrar.kz хабарлады. Қалалық тәртіп сақшылары жүргізген кезекті рейдте ерекше нөмірлі көлік көзге түседі. Алайда, ол сапырылысқан қалың көлік нөпірінің арасына сіңіп, жоқ болады. Дереу күдік тудырған көлікке іздеу жариялаған сақшылар арада бес минут өтпей жатып, Киа маркалы автокөлікті қолға түсіреді. Көлік Шымкенттің Рысқұлов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында тоқтатылды. Көлік жүргізушісі нөмірдің заңды түрде тіркеуден өткенін күтуге шыдамы жетпеген екен. «Нөмірдің шыққанын күтпей, асығыс жасатып алдым» дейді ол. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері көлікті айып тұрағына жөнелту туралы шешім шығарды. Бүгінде бұл оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Шымкенттегі рейд барысында бір сағатың ішінде куәліксіз көлік басқарған 40 жүргізуші ұсталды. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: otyrar.kz. 19-03-15-GGG kolik nomiri 02