АСТАНА. 16 ақпан. Ақтөбе облыстық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясы мен «Нұр Отан» депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша төтенше жағдайлар департаментінің былтырғы және үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы қаралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған мәселеге байланысты жағдайды баяндаған облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Сыздықов 2014 жылы департаменттің аумақтық бөлімшелері 2111 жедел шақыртуға барып, нәтижесінде 1 524 адам құтқарылып, 343 зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгенін жеткізді. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аймақта төтенше жағдайлар саны 6,5 пайызға төмендеген. Алайда,төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 15,5 пайызға көбейген. Облыста төтенше жағдайлардан зардап шеккендер санының артуы халыққа төтенше жағдайлардың қаупі мен пайда болу кезіндегі іс-әрекеттер ережесінің жеткіліксіз түрде хабарлануы себебінен болды, дейді ол. Сондықтан тиісті орындардан департамент әзірлеген оқыту-үйрету материалдарын дер кезінде жергілікті басылымдар мен телеарналарда шығару мәселелерін шешуді ұсынады.
Қазір облыста су басу қаупі бар аймақтарға 106 әлеуметтік нысан мен 375 мыңнан астам адам тұратын 6 579 тұрғын үй жатқызылған. Өткен жылдары облыс аумағында жасалған іс-шаралар, мониторинг және бақылаулардың нәтижесінде су басу қаупі бар аймақтардың толық базасы анықталған. Нәтижесінде 46 учаскенің су басу қаупі бойынша құжаты дайындалып, бекітілген.
Былтар облыс аумағында 682 өрт орын алып, тілсіз жаудың салдарынан 10 адам қаза болып, 50 адам түрлі дене жарақатын алған. Өрт салдарынан 183 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Өз сөзінде ол аудан орталықтарынан шалғайда жатқан кейбір елді мекендерге өртті сөндіруге арнайы техникалардың кешігіп баратынын айта келіп, өртке қарсы жасақтарды арнаулы автокөліктермен жабдықтау мәселесін шешуді алға тартты.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: temir.aktobe.gov.kz.
• 16 Ақпан, 2015
Ақтөбеде төтенше жағдайлар саны 6,5 пайызға төмендеген

Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00