Ғалам ғажаптары • 03 Шілде, 2025

Ең ұзын шекара

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара – АҚШ пен Канада арасында орналасқан. Бұл шекараның жалпы ұзындығы 8 893 шақырымға созылып жатыр.

Ең ұзын шекара

Екі елдің шекарасы Тынық мұхиты жағалауынан Атлант мұхитына дейінгі аумақты қамтиды. Ең қызығы – шекараның бір бөлігі Аляска арқылы өтеді. Яғни бұл шекара екі елдің негізгі материгін ғана емес, АҚШ-тың Аляска штатымен Канаданың солтүстігін де байланыстырады. Кей тұсында бұл шекара тығыз орман, өзен-көл, тіпті адам аяқ баспаған жабайы табиғат арқылы өтеді. Екі ел арасында қоршау да, бекініс те жоқ. Көп жағдайда белгі ретінде шекара сызығының бойына орнатылған тақтайшалар мен тіректер ғана бар.

 

Соңғы жаңалықтар