Каспий теңізі туралы ойланған әрбір отандасымыз оны келіп бір көруге аңсар, жұпарын жұтып жағалауында демалсам ғой деген арман бәрінде барына күмән жоқ. Теңіз түбіне сүңгігендей осы ойлар көп аузында жүрген Кендірлі жобасына келіп тірелері сөзсіз. Расында, Кендірлі туристік аймағын дамыту үшін қазір қандай жұмыстар қолға алынған? Жуық арада және келешекте нендей жоспарлар көзделіп отыр? Осы тұрғыда Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан БАЙЖАУЫНОВАНЫ сөзге тартқан едік.
– Гүлжан Маңғыстауқызы, жағалау сызығы бойынша еліміздің теңіздегі үлесі өзге көршілерге қарағанда басымдыққа ие. Осынша аумақтан туризм үшін Кендірлі тұсының таңдалуы тегін емес. Кендірлінің жағалау орны мен өзіндік ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз.
– мді дамыту үшін кез келген жер алына салмайтыны белгілі, Кендірлі осы тұрғыдағы талаптарға сай келіп тұр. Үкіметтің 2014 жылғы 19 мамырдағы №508 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес республикада Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан туристік кластерлері құрылған болатын. Соңғы кластерге қарайтын Маңғыстау облысы халықаралық деңгейде туристік ұсынысты дамыту үшін үздік табиғи және мәдени қызығушылықтарға ие. Еліміздің және шетел тұтынушыларының сұранымдарын талдай келе, теңіз жағажайы туризміне, теңіз бойынша круизге, Маңғыстау өңірі бойынша турларға және Ақтау қаласының тұрақты дамуына байланысты бизнес туризміне қызығушылық байқалды. Демек, Қазақ шығанағында халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жағажай бағытын құру туризм саласының басым бағыттарының бірі болды. Каспий теңізі аумағында демалыс аймағын ашудың қолайлы жағдайының бірі теңіз төңірегінде бәсекелестердің жоқтығы. Бәсекелестік болған жақсы, одан қашпаймыз, әйтсе де Каспий аумағында баламасы жоқ бірегей болғанға не жетсін! Осы орайда теңіз жағасында «жағажай туризмін» табысты дамыту үшін Кендірлі шығанағы қолайлы деп танылды. Себеп – оның өндірістен және басқа да ластану көздерінен алыс орналасуы, теңіздің басқа жерлеріне қарағанда су «жабық» қойнау нәтижесінде 5 градусқа жылы болуы және адам аяғы таптамаған сұлу табиғи жағажайының болуы болса, екіншіден су ластануының жоқтығына байланысты халықаралық маңыздағы 12 метрге жететін судың мөлдірлігі және 12 пайыз тұздық құрамдылығы біртеңдес орналасқан. Кендірлі шығанағында ашық теңізден бөлінген табиғи су айдыны бар, бұл жерде 5-10 метр тереңдікке дейін су ағынсыз болып келеді. Осы ерекшеліктерді саралай келе, бұл тұсқа Астрахань халықаралық мұхит институты оң баға берді.
– Қазіргі таңда аталмыш туристік аймақты дамыту жобасы бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
– Жобаны жүзеге асыру үшін еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі мен Маңғыстау облыстық әкімдігі бірлесе жұмыс жасайды. Жергілікті әкімдік курорт құрылысын салу үшін жер телімдерін беру шараларын алу, сыртқы инженерлік-көліктік инфрақұрылымы нысандары құрылысының тиісті құжаттарын әзірлеу, курорттың сыртқы инфрақұрылымының құрылысын салу бойынша жұмыстарды жүргізсе, министрлік жобаны жүзеге асырушы әлеуетті инвесторларды тарту жұмыстарымен айналысады. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыруға бөлінген 1700 га көлеміндегі жер телімі қандай да бір құрылыстан бос және мемлекеттің меншігінде. Өңірде Кендірлі курортты аймағын дамыту бойынша отандық, шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары жүруде. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және «RIXOS» компаниясы тобының арасында төрт және бес жұлдызды 1500 орындық екі қонақүй, көңіл көтеру орталығы құрылыстарын салу туралы келісімге қол қойылды. Аталмыш аймақты электр қуатымен қамтамасыз ету, газбен қамту және автомобиль жолдарының құрылысы сынды сыртқы инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары жүруде. Өткен жылдың соңында «Окарем-Бейнеу» магистральды газ құбырынан және автоматты газ тарату жүйесінің құрылысы аяқталды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, трансформаторлық қуаты күшті жаңа кіші стансаның құрылысын бастау, сумен қамтамасыз ету, жолдардың құрылысын салу жұмыстары тұр. «CITIC тобы» қытайлық компаниямен Кендірлі әуежайының құрылысын салу жөнінде келіссөздер жүруде. Аталған жобаларды жүзеге асыру туризмді дамытудың негізгі тірек нүктесі болып табылады, сондай-ақ, курорт маңына қонақүй, көлік, сауда нысандары, мәдени-сауық мекемелерін шоғырландырып, байланыс, жолдар, т.б. инфрақұрылымның дамуына негіз болмақ.
– Көрікті жер, жайлы орында демалу жас таңдамайды. Кендірліде балалардың демалу мүмкіндігі қарастырылған ба?
– Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде Қазақстанда туризмді дамыту, оның ішінде Каспий теңізі жағалауында Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» курортының құрылысын жалғастыру және дамытуда жұмыстар жасау, қазақстандықтар үшін, олардың балалар үшін туризмді дамыту қажеттігі туралы атап өткен болатын.
Кендірлі аймағынан туризм басқармасы үшін балалардың денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын салуға 2 га жер телімі бөлінді. Осы жерде спорт инфрақұрылымын дамыту, балалардың толыққанды демалып, сол арқылы денсаулығын нығайтуына жағдайлар жасауды көздеп отырмыз. Бұл шаруалар өңірде балалар туризмін дамытуға серпіліс береді деп күтіледі.
Былтырғы жазғы маусымда Маңғыстау облысы аумағында жазғы балалар мен жасөспірімдер демалысын ұйымдастыру бойынша 6 балалар-сауықтыру лагерьлері жұмыс жасады. Маңғыстау облысы білім басқармасының қарамағындағы «Ақбөбек», «Алау», «Волна», «Фламинго», «Шағала», жыл бойы жұмыс жасайтын «Балдәурен» балалар-сауықтыру лагері және Кендірлі аумағында орналасқан «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың ведомстволық бағынысындағы «Ақбөбек» балалар-сауықтыру лагерьлері болды.
– Маңғыстауға келген туристердің Кендірліден өзге жерлерді тамашалау мүмкіндігі қаншалықты?
– Өңірде ішкі туризмді, балалар мен жасөспірімдер туризмін, өңірдің инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде туристік нысандарды, оларға апаратын жолдарды жақсарту және жаңғырту – басым бағыттардың бірі. Қазақстанның тарихи-сәулет мұраларының 70 пайызы орналасқан Маңғыстауда 11 мың тарихи ескерткіштер шоғырланған. Бекет ата, Шопан ата, Сұлтан ене жерасты мешіттері, теңіз деңгейінен 132 метр төмен орналасқан туристік керемет ресурс – Қарақия ойпаты, Саура, Тамшалы шатқалдары, Шерқала, Айрақты таулары туристер үшін қызғылықты көріністер болары анық. Бүгінде аталмыш аумақтарды абаттандыру, көлік инфрақұрылымымен қамту, бірқатарына апаратын жолдарды қайта жасау жұмыстары қолға алынып, биылғы жылдың екінші жартысында аяқталады деп отырмыз.
– Туризмді дамытудың бір бағыты кадрға келіп тіреледі емес пе?
– Бұл мәселе де назарда. Маңғыстауда осы мақсатта 2009 жылы Туризм колледжі ашылды. Колледж «Тамақтануды ұйымдастыру», «Қонақүй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Туризм» және «Аударма ісі» мамандықтары бойынша мамандар дайындауда. Колледж Маңғыстау облысындағы, кәсіпорындар және ұйымдармен, Түркияның Анталия қаласындағы туризм академиясымен, Ыстамбұл қаласындағы «Драгос» колледжімен және Астрахань, Ялта мемлекеттік университеттерімен қарым-қатынас жасап, тәжірибе алуда.
Туризм саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыратын тиімді тетіктерді қалыптастыру, озық тәжірибелерді зерделеу үшін мәдени-танымдық және ғылыми-ақпараттық шараларды көптеп ұйымдастырып келеміз.
– Әңгімеңізге рахмет.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00