АСТАНА. 19 наурыз. Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында «Астана арландары» 21 наурызда «Баку оттары» командасымен кездеседі. Шымкентте өтетін сол додада шаршы алаңға шығатын боксшылар белгілі болды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» хабарлады.
Сонымен алдағы сенбіде мына боксшылардың айқасын көре аламыз:
Олжас Сәттібаев – Мурад Рабаданов (52 кг);
Закир Сафиуллин – Альберт Селимов (60 кг);
Қанағат Маралов – Парвиз Багиров (69 кг);
Хрвое Сеп – Михаил Долголевец (81 кг);
Филип Хргович – Гаджи Муртузалиев (+91 кг).
Қос команда арасындағы кездесу 21 наурызда Шымкенттегі жеңіл атлетика кешенінде өтеді. Басталу уақыты 17:30-ға жоспарланған. «Арландардың» айқасын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Алғашқы айналымда қарсыластар Әзербайжанда күш сынасқаны белгілі. Сол сында біздің команда 3:2 есебімен жеңген еді. Бүгінге дейін 9 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен «арландар» WSB жобасының «В» тобында көш бастап келеді (27 ұпай). Ал «Баку оттары» 20 ұпаймен бізден кейінгі сатыға жайғасқан.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «Егемен Қазақстан».
Сурет: worldseriesboxing.com.
• 19 Наурыз, 2015
«Астана арландары» vs «Баку оттары». Қарсыластар белгілі болды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше