19 Наурыз, 2015

Қазақстан Президентін Пәкстан ресми сапарға шақырды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-03-15-Pakistan-Capital-Islamabad-1q

АСТАНА. 19 наурыз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Пәкстан Ислам Республикасы ресми сапарға шақырып отыр. Бұл туралы осы елдің төтенше және өкілетті елшісі Абдул Салих Ханның сөзіне сілтеме жасаған «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады. «Мен Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға Пәкістанға сапар жасау туралы шақыруды қайта айттым», - деді Абдул Салих Хан. «Қазақстан Пәкстанды Оңтүстік Азиядағы маңызды, перспективалы серіктес ретінде қарастырады. Біз бұл елмен арадағы саяси-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Қазақстан астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін ірі көлемде өндіретін ел. Сондықтан Пәкстанға еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін жеткізу мәселесін қарастыруымызға болады», - деді Елбасы. Мұрат Айтқожа.