Қазақстанда ауруханалар мен емханалар салуға дайын
«InterHealth Canada» компаниясы еліміздің оңтүстігінде емханалар мен ауруханалар салуға дайын. Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының (РДСДО) өкілдерімен кездесуде канадалық компанияның басқарма мүшесі Эмад әл-Сукер мәлімдеді. Канадалықтардың есебінше, Оңтүстік Қазақстанда медициналық қызметтерге сұраныс жоғары болып отыр және ол арта түседі. Емдеу мекемесінің құрылысын мемлекет-жекеменшік серіктестігі шеңберінде салу жоспарланған. Құрылыстың басталу мерзімі мен инвестиция көлемі әзірге жарияланған жоқ. Тараптар сондай-ақ, кейбір ауруханаларды сенімді басқаруға беру мүмкіндігін қарастырды. «Нысанды сенімді басқаруға берерден бұрын жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, ауруханалар мен емханалардың қандай жағдайда екенін зерттейміз. Шамамен бір жыл ішінде нысандарды инвесторларға беру мәселесі шешілуі тиіс», деді РДСДО Инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Олжас Сәкенов. Ауруханаларды басқаруды жекеменшік инвесторларға берген жағдайда тегін қызметтер көрсету көлемі толық сақталады. Канадалықтар медициналық ұйымдардың жұмыс нәтижесін жақсартқан жағдайда ғана қазақстандық клиникаларды басқара алады. Шетелдік менеджерлер білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, медициналық қызметтердің сапасын арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22