17 Ақпан, 2015

Офицерлер

303 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
майдангер аталары туралы жылнама жазуға әзір ҚР Қарулы Күштерінде Же­ңістің 70 жылдығына орай­ластырылған «Мәңгі есімізде» атты акция басталды. Ол Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан туған-туыстары, таныстары туралы деректермен бөліскілері келетін әскери қызметшілердің бастарын  біріктіріп отыр. Акцияға алғашқы болып қаты­сушылардың бірі майор Рус­лан Дармаханов өзінің атасы Ха­лилулла Дармаханұлы: «Мино­мет батареясының взвод коман­дирі бола тұрып, менің атам армия генералы  Сағадат Нұрма­ғамбетовтің қарамағында болып­ты. Сталинград шайқасына қатыс­қан. Мен атамның арамызда аман-есен жүргеніне қуанамын және соғыс жайлы сабақтаған әңгі­мелерінен бейбітшілік, құрмет, достық орнаған мемлекетте тұру­дың қадірін түсінемін», дейді Акцияға тағы да бір қатысушы подполковник Ержан Әлдібаев ағасы жайлы: «Ағамның майданға 1941 жылы кеткенін білемін. Атқыштар взводының командирі болған.1945 жылдың қаңтар айында Варшава түбіндегі шайқаста қаза тапты. Мен ағамның майдан шебінен жазған хаттарын оқып,  шексіз мақтан тұтамын.  Сондықтан да өз өмірімді әскермен байланыстырып, Қазақстан Қарулы Күштеріне адал қызмет етіп ке­лемін. Жан түршігерлік соғысқа әрбір қатысушының ерен ерлігі туралы естелікке ешқандай баға жетпейді», деп еске алады. «Мәңгі есімізде» акциясы өзіміз үшін соғыстың жаңа батырларын ашуға, олардың тарихымен, тағдырымен танысуға үлкен мүмкіндік береді. Ұлы Отан соғысының бейнесі тарихи деректерден, соғыс ардагерлерінің, олардың туыстары мен таныс­тарының әңгімелерінен, майдан­нан келген хаттар мен күнделік­терден жиналған деректерден құ­ралады. Акция шеңберінде жи­налған суреттер бір үлкен мозаика-суретке айналады. Олар баннерлерге ­басылып шығарылып, бүкіл Қа­зақ­стан бойынша әскери бөлім­дер­ге таратылады және Астана қаласында әскери қызметшілердің қатысуымен сал­танатты түрде назарға ұсы­нылатын болады.   «Егемен-ақпарат».