ПЕТРОПАВЛ. 19 наурыз. Облыс орталығындағы «Юбилейный» көшесінде орналасқан көп қабатты 9 «б» ұйінің тұрғындары саналы түрде бас тартты. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
90 отбасы тұратын 10 қабатты үй 2012 жылы пайдалануға берілген. Содан бері айғай-шудан көз ашпай келеді. Басты себеп–сапасыз тұрғызылғаны. Тұрғындар көшіп келе бестағаннан-ақ баспананың кем-кетіктерін байқап, дабыл қаққан. Алайда, қалалық әкімдіктегілер құрылыс жұмыстарына бас мердігер жауап беретінін көлденең тартып, өздеріне шаң жуытпаған. Оның ақыры тұрғындардың пәтерлердің жалға алу және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуден бас тартуға соқтырған.
Мердігерлердің айтуынша, жарты миллиард теңгеге жоспарланған көп қабатты үйдің 100 миллион теңгеге жуығы есепшотқа түспегендіктен, сапасыз материалдармен құрастыруға мәжбүр болған.
«Ғимараттың қабырғалары үгітіліп түсе бастаған соң құқық қорғау органдарына арыздануға тура келді. Сосын қарағандылық сарапшы мамандар шақыртылып, олар үйдің іргетасы мен қабырғаларындағы, дәліздердегі жарық-тесіктерді қалпына келтіру жөнінде шешім шығарған. Бүгінге дейін ескертулердің бірі де орындалған жоқ. Жанымызды шүберекке түйіп отырмыз. Шенеуніктерден еш қайран жоқ. 2-3 айдан бері коммуналдық ақыларды төлемей отырмыз»,–дейді тұрғындар.
Шығарыпсалма уәдеден ауыздары әбден күйген жұртшылық қалалық тұрғын үй қызметі мекемесінің басшысы Виталий Беспаловтың «бұл үйге қатысты атқарылатын жұмыстардың көлемі белгіленген, қаржы да қарастырылған. Жаз келісімен ғимараттың шатырынан бастап жертөлесіне дейін жөндейміз. Жылу, су, кәріз жүйелерін де тексереміз», деген уәжіне сенгілері жоқ.
Тұрғындардың сөздеріне қарағанда қала әкімінің келуін күтіп отырған сыңайлары бар. Оның нақты уәдесін алмайынша коммуналдық қызмет пен жалдамалы тұрғын үйлердің ақысын төлемейміз деген тас-түйін пікірден айнитын түрлері байқалмайды.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz
Сурет: egemen.kz
• 19 Наурыз, 2015
Петропавл тұрғындары тұрғын үй ақысын төлеуден бас тартты

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше