17 Ақпан, 2015

Қаптағы марихуана

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің оңтүстігіндегі «Сыпатай батыр» бақылау-өткізу бекетіндегі шекарашылар 700 дана әскери қапты заңсыз алып өтуге тырысқан 34 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. «Toйота» автомашинасына мініп, қырғыз жерінен келе жатқан аза­мат­­тың ісі кеден қызметкерлеріне беріл­ді, ол енді ҚР Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық кодексінің 551-бабының 1-тар­ма­ғы бойынша жауап беретін болады. Еліміздің солтүстігіндегі Қостанай шекара отрядының «Қайрақ авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары «Рудный – Челябі» бағытында кетіп бара жатқан автобустан 28 жастағы отанда­сы­мызды ұстауға мәжбүр болды. Шек­ара­шы­лардың қызметтік иті атал­ған азамат отырған орындықтың арқа­лығына жасырылған есірткі затын бірден тапты. Тексере келгенде ол марихуана болып шықты, салмағы 5-7 грамм. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі