19 Наурыз, 2015

Астанада үлкен кісіні тепкілеген жасөспірімдер үстінен іс қозғалды

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

19-03-15-zayavlenie-2

АСТАНА. 19 наурыз. Астана көшелерінің біріндегі аялдамада үлкен кісіні екі баланың тепкілеп, ұрып тастағанын сөз ететін ақпарды біз бұдан екі күн бұрын жариялаған едік. Кеше сол бұзақылардың таяғын жеген адам кеше табылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «Астанада жеткіншектер соққыға жыққан ер адам полицияға шағым түсірді», - делінген Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында. Бұрын хабарланғандай, 15 наурызда Youtube-те адам жоқ аялдамада отырған ер адамды жеткіншектер себепсіз соққыға жығып жатқандары түсірілген бейнебаян пайда болған. «39 жастағы жергілікті тұрғынның шағымы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жолданатын болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарламда. Бұзақылар Астана қаласындағы колледждердің бірінде оқитын болып шықты. Осы оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Полицейлер жәбірленушіні тапқан, ол бұзақылардың үстінен шағым түсірді. Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың хабарлауынша, 39 жастағы жергілікті тұрғынның шағымы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне алынды. Жәбірленуші ер адам Солтүстік Қазақстанда туған, Астанада жұмыс істейді. «Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жолданатын болады», - деді Қылышбекова. Оның айтуынша, бұзақылық жасаған үш жасөспірімнің аты-жөні анықталды, олардың екеуі кәмелетке толмаған, соған қарамастан, олар үшінші айыпталушымен бірге сот алдында жауап беретін болады. Олар қомақты айыппұл төлеуі немесе бостандықтарынан екі жылға дейін айырылуы мүмкін. Қазір бұзақылар ешқайда кетпеу туралы қолхат қалдырған. Құрыш Нұрымбет.