Қоғам • 16 Шілде, 2025

Ерекше ұсыныс

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапондық суретші Ясуши Такаха­ши сүйіктісіне үйленуге ұсынысты әлемдегі ең үлкен GPS-сурет арқылы жасаған. Ол бұл ерекше жобасына 6 ай уақытын жұмсап, 7000 ша­қырымнан астам жол жүріп шық­қан.

Ерекше ұсыныс

Такахаши Жапония картасында «Marry me» («Маған тұрмысқа шық») деген сөз бен жүрек бейнесін арнайы GPS құрылғысының көмегімен салып, сүйіктісіне ұсыныс жасаған. Ол жаяу, көлікпен, велосипедпен кей жерлерде пароммен қозғалып, қозғалыс маршрутын алдын ала мұқият жоспарлаған. Жолcапар 2008 жылдың шілдесінде басталып, келесі жылдың қаңтарында аяқталған. Бұндай романтикалық әрі инновациялық әрекеті үшін Ясуши Такахаши Гиннестің рекордтар кітабына еніп, «әлемдегі ең үлкен GPS-сурет авторы» атанған.

Соңғы жаңалықтар

Көзді емдейтін құрылғы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Талдықорған түрленіп келеді

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Телефон тәрбиелеген буын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Көмірмен көмкерілген әшекейлер

Кәсіпкер • Бүгін, 07:55

Жаңғырған «Абай»

Театр • Бүгін, 07:50

Көне түркі шежіресі

Жәдігер • Бүгін, 07:40

Ядролық зымыран

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35