19 Наурыз, 2015

Ақтөбе тұрғыны 54 жасында екі қыздың анасы атанды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-03-15-mat-1

АҚТӨБЕ. 19 наурыз. Ақтөбе қаласының 54 жастағы тұрғыны егіз балаларды дүниеге әкелген ана атанды. Бұл туралы «Диапазон» хабарлады. Басылымның мәліметінше, егіз қыз тапқан әйел олардың бірін өзі туса, екіншісін суррогат ана өмірге әкелген. Дәрігерлердің айтуынша, ол ЭКО көмегімен жүкті болған. Перинаталдық орталыққа онымен бірге суррогат ана да түсті. Екеуі де қыз босанып отыр. «Сәбилер толық жетіліп туылды, ешқандай кемшілігі жоқ», - деді дәрігерлер. Енді бұл отбасында үш бала болады, әйелдің тұңғышы - ұл, ол 28 жаста. Guinness-Records.info порталының мәліметінше, әлемдегі ең егде ана - Үндістан тұрғыны Раджо Деви Лохан. 2008 жылы ол 70 жасында Навин есімді қыз баланы өмірге әкеліп, Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді. Лохан 58 жыл бедеуліктен соң ЭКО көмегімен бала көтерген. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: Диапазон.