Ауа райы • 17 Шілде, 2025

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болып, жаңбыр, бұршақ жауады, жел соғып, найзағай ойнайды деп болжап отыр, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, жел күшейіп, төтенше өрт қаупі бар.

Өскемен мен Талдықорған қалаларында 40-42 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай қалаларында күн күркіреп, екпіні 15-20 м/с жел соғады, өте жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғып, найзағай ойнауы мүмкін, жел күшейеді, 35-37 градусқа дейін ыстық болады және жоғары өрт қаупі бар.

Жезқазған қаласында, Ұлытау, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, аптап ыстық болады, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі бар.

Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды қалаларында, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 35-43 градусқа дейін ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25