19 Наурыз, 2015

Көкшетауда 337 пәтердің кілті тапсырылды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KTS_5978КӨКШЕТАУ. 19 наурыз. Наурыз мерекесі қарсаңында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ басқарушы директоры Асхат Ақчуриннің қатысуымен әлеуметтік тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы аясында салынған «Жансая» тұрғын үй кешенінде жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанаты өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Өңір басшысы Сергей Кулагин, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ департамент басшысы Қанат Ыбыраев қуаныш иелерін құттықтау сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында әлеуметтік тұрғын үйлерді жалға беру құрылысына көзқарасты өзгерту, оның қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді төменгі пайыздық жүйені енгізуді тапсырғанын атап көрсетті. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шарапаты ретінде әсем тұрғын үй кешенінде 19,5 мың шаршы метрлік 337 пәтердің кілті тапсырылды. Мұның өзі игі бастаманың жалғасын таба беретінін дәлелдейді. Көкшетау тарихында бір мезетте 337 отбасының қоныс қуанышы болып көрмеген. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz. DSC_2013