02 Шілде, 2010

ЕҢБЕГІ ҮШІН ОРДЕН АЛДЫ

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев ІІІ дәрежелі Әу­лие Сергий Радонежский орденімен ма­рапатталды, деп хабарлады осы палата­ның баспасөз қызметі. Парламент депутатына бұл марапат­ты кеше Теміртау қаласындағы жаңа православие шіркеуінің ашылу салта­на­тында Астана және Алматы архие­пископы Александр табыс етті. Депу­татқа осы орден аталған храмның бой көтеруіне сіңірген еңбегі үшін берілген. “Нұр Отан” ХДП атынан сайланған депутат өз кезегінде берілген марапат үшін алғысын білдіріп, Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындар­лы саясатының арқасында мүмкін бо­лып отырғанын атап өтті.